25 қазанда жартылай күн тұтылады
25 қазанда күн жартылай тұтылады. Бұл құбылыс Қазақстанның барлық өңірінде байқалады, бірақ әртүрлі уақытта, шамамен түстен кейінгі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыттарда.
Қазақстандықтар Айдың Күнді уақытша 60-80%-ға жабатынын көре алады. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова қай қалаларда құбылыс жақсы көрінетінін де салыстыра болжаған.
«Алматыда күн тұтылуының басталуы жергілікті уақыт бойынша 16.26 мен 17.35 аралығында болады. Максималды фазасы 76%-ды құрайды. Бірақ қазір кеш ерте болатындықтан Күннің көкжиектен биіктігі небары 3 градус болады. Ақтөбе қаласының тұрғындарына көбірек анық көрінбек. Онда күн тұтылу жергілікті уақыт бойынша 14.52-де басталады. Максималды фазасы 80% күннің 15 градустық биіктігінде сағат 16.07-де көруге болады», – деді Шестакова.
Қазақстанның қалаларында күн тұтылуын әртүрлі уақытта көруге болады екен. Мысалы, Астанада – 16.06 (83%). Кеш батқан кезде Ай Күн бетін қайта ашады. Петропавлда (80%) – 17.08-де, Павлодарда (79%) – 17.18-де, Орал қаласында (71%) – 16.00-де, Атырауда (69%) – 16.07-де, Шымкентте (69%) – 17.32-де.
Астрономдар бұл табиғи құбылысты дәнекерлеушілерге арналған көзілдіріктер арқылы айрықша көріністі анығырақ көре алатынын айтады.
Жамал Ермен