Қоғам

Өңірде қанша лагерь жұмыс істейді?

Айжанат Бақытқызы

Жаз шыға лагерь жұмыстары қыза түседі. Сауықтыру лагерьлерінде оқушылар рахаттанып демалумен қатар,  әртүрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген таланты, қабілеті ашылады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, биыл облыс оқушыларын жазғы демалыспен, сауықтырумен қамту 35 қала сыртындағы лагерьлерде, 475 мектеп жанындағы лагерьлерде және жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы 485 бейінді алаңдарда (шығармашылық үйлері мен сарайлары, жас техниктер, натуралистер, туристер станциялары мен аула клубтарында) жүргізіледі.

Жазғы кезеңдегі балалар лагерьлерінің жұмысына 855 тәрбиеші, 881 тәлімгер, 1250 қосымша білім беру педагогы және 546 медицина қызметкері, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатарынан педагогикалық жасақтар тартылады.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастады. Оған барлық тілек білдірген балалар тегін негізде, оның ішінде ауылдық жерлердегі балалар да барады. Ал аз қамтылған және көпбалалы отбасылар санатындағы оқушылар үшін мектеп жанындағы лагерьлерде тамақтандыру қызметі ұйымдастырылды.

– 26 мамыр – 17 маусым аралығында қашықтан оқу кезіндегі кейбір олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің базаларында жазғы мектептер жұмысы жүргізілді.

Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында «STEM TF-YPi оқытудағы инновациялар» жобасын іске асыру шеңберінде «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысында STEM технологияларды қолдану» жобасы енгізілді. Бұл жобаға 10-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың құзыреттілік орталығын дамыту, steam ойлау және оқушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Жаз бойы мектептен тыс білім беру ұйымдарының жұмысы да жалғасады. Олар – 13 оқушылар үйі, 37 балалар өнер мектебі, 8 жас техниктер мен натуралистер станциясы, 56 жасөспірімдер клубы.

Барлық оқушылар үйінде, балалар өнер мектептерінде, музыка мектептерінде, көркемөнер мектептерінде жазғы лагерьлер, балаларға арналған дебат алаңдары, шығармашылық студиялар мен спорт секциялары жұмыс істейді.

Жас натуралистер станциялары мен экобиоорталықтарда оқушылардың жазғы далалық экологиялық академиялары, өңіріміздің аудандарында, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын және экологиялық мониторинг жүргізу үшін шатыр үлгісіндегі лагерьлер ұйымдастырылады.

Аулалық жасөспірімдер клубтарында коворкинг-орталықтар, отбасылық клубтар, ортақ мүдделермен біріккен балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас орталықтары, хэндмэй студиялар, «Жас инспекторлар» штабтары, «Жас құтқарушы» үйірмелері, үстел теннисі, каратэ, армрестлинг, футбол, шахмат, тоғызқұмалақтан спорт аймақтары, хоккей, тренажер залдары, балалардың фитнес-орталықтары жұмыс істейді. Мұнда балалар көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық және спорттық бағыттағы түрлі жарыстарға қатысады.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарының жанында орналасқан сауықтыру лагерьлерінде тексеру, тазалау бойынша сүңгуірлік жұмыстар жүргізілген. Сумен жабдықтау нысандарын тазалау, жуу, дезинфекциялау, кенеге қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және лагерьлерді ашу үшін рұқсат құжаттары алынған.

Қала сыртындағы 35 сауықтыру лагерінің бірқатарына тоқталуды жөн көрдік.

                                                 «Дарын-1» лагері

Мекенжайы: Глубокое ауданы, Таулы Үлбі.

Маусымы: 13.06-23.06 «Lets go to Daryn», 27.06-07.07 «Sport active», 11.07-21.07 «Daryn-Party», 25.07-04.08 «Daryn Star», 08.08-18.08 «Энерджи Mix». Бағасы – 75 мың теңге. 7-17 жас.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, жазғы демалысты және білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру. Шығармашылық студиялар, бес уақыт тамақ, бассейн.

Байланыс телефондары: 8-705-173-02-66, 8/7232/751-661, 701-516, 754-212.

«Жiгер» сауықтыру лагері

Мекенжайы: Алтай ауданы, Бұқтырма жағалауы.

Маусымы: 10.06-17.06, 20.06-27.06, 30.06-07.07, 11.07-18.07, 20.07-27.07, 30.07-06.08, 09.08-16.08, 18.08-25.08. Бағасы – 38 мың теңге.

Бағыты: күнделікті балалардың дене белсенділігі кесте бойынша ұйымдастырылған: күннің бірінші жартысы – спорттық сағаттар, екінші жартысы – суға шомылу, спорттық және туристік секциялардың жұмысы.

Көркем-эстетикалық бағытта балалардың шығармашылығын дамыту және азаматтық ұстанымы мен Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Байланыс телефондары:  75-15-71, 75-23-13, 22-58-81, 87778539930.

«Болашақ» лагері

Мекенжайы: Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы.

Маусымы: 20.06-29.06, 30.06-09.07, 10.07-19.07, 20.07-29.07, 30.07-08.08, 09.08-18.08. Бағасы – 38 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру.

Байланыс телефондары: 8 771 086 78 88, 8/72338/20-529, 87773058397.

«Жемчужина» лагері

Мекенжайы: Алтай ауданы, Прибрежный кенті.

Маусымы: 27.06-01.07, 04.07-08.07, 11.07-15.07. Бағасы – 45 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, оқушылардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау, жазғы демалысты және білім беру-тәрбие шараларын ұйымдастыру.

Байланыс телефондары: 8(72335) 2-65-19, 87776187038.

«Үржарайым» сауықтыру лагері

Мекенжайы: Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, Алакөл жағалауы.

Маусымы: 18.06-25.06, 25.06-02.07, 02.07-09.07, 09.07-16.07, 16.07-23.07, 23.07-30.07, 30.07-06.08, 07.08-14.08. Бағасы – 48 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, жазғы демалысты және білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Байланыс телефондары: 87782685561, 87071294168, 8/72239/4-81-65.

                                 «Мейірім» сауықтыру лагері

Мекенжайы: Жарма ауданы,  Жаңаөзен ауылы.

Маусымы: 15.06-26.06, 30.06-11.07, 15.07-26.07, 29.07-09.08, 10.08-22.08. Бағасы – 13 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Байланыс телефондары: 8-747-187 64 83, 8 778 600 2320.

                                          «Балдәурен» лагері

Мекенжайы: Күршім ауданы, Сарыөлең ауылы.

Маусымы: 20.06-26.06, 30.06-06.07, 10.07-16.07, 20.07-26.07, 30.07-05.08, 19.08-25.08. Бағасы – 12 мың теңге.

Бағыты: баланың бос уақытын, физикалық және зияткерлік дамуын ұйымдастыру. Лагерь балаларға қосымша білім мен дағдыларды алуға, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Байланыс телефондары:  8(72339) 24535, 8-777-987-63-18, 8-777-793-95-27.

«Түрксібке 50 жыл» сауықтыру лагері

Мекенжайы: Бородулиха ауданы, Подборный ауылдық округі.

Маусымы: 15.06-26.06, 30.06-11.07, 15.07-26.07, 29.07-09.08. Бағасы –     75 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, балалардың жақсы демалуы мен сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың дамуы мен зияткерлік, шығармашылық әлеуетін қолдап, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Байланыс телефоны: 8-747-805-85-72, 8-702-737-68-68, 8-777-852-12-24.

                                               «Достық» лагері

Мекенжайы: Шемонайха ауданы, Медведка ауылы.

Маусымы: 20.06-24.06, 27.06-01.07, 04.07-08.07, 11.07-15.07, 18.07-22.07, 25.07-29.07.

Бағыты: әскери-патриоттық, тіл үйрету, спорттық бағыт.

Әр маусымда тұрақты негізде қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын тіл мектебі жұмыс істейді.

Байланыс телефоны: 8(7233)29-11-40, 87051559504.

«Сеңгір» лагері

Мекенжайы: Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылдық округі.

Маусымы: 18.06-25.06, 25.06-02.07, 02.07-09.07, 09.07-16.07, 16.07-23.07

23.07-30.07, 30.07-06.08. Бағасы – 10 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, шығармашылық.

Байланыс телефондары: 8-777-709-73-74, 8(7234) 428 – 510, 8 (72346) 22-016.

«Елімай» демалыс базасы

Мекенжайы: Бесқарағай ауданы, Ескі қамал кенті.

Маусымы: 05.06-14.06, 16.06-26.06, 30.06-09.07, 09.07-18.07, 21.07-30.07, 02.08-11.08, 14.07-23.07                    . Бағасы – 75 мың теңге.

Бағыты: балалардың жақсы демалуы мен сауықтырылуын ұйымдастыру. Олардың дамуы мен зияткерлік, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Байланыс телефоны: 8-777-777-27-78, 8-707-968-98-91, 8-777-257-26-48.

«Арайлы Шығыс» лагері

Мекенжайы: Катонқарағай ауданы, Приморск ауылы.

Маусымы: 01.06-10.06, 12.06-21.06, 23.06-02.07, 04.07-13.07, 15.07-24.07, 26.07-04.08, 06.08-16.08, 18.08-28.08. Бағасы – 75 мың теңге.

Бағыты: спорттық-сауықтыру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байланыс телефондары: 8-707-404-40-48, 87054997506, 87054180755.

«Балақай» сауықтыру лагері

Мекенжайы: Алтай ауданы, «Көгілдір бұғаз» демалыс базасы.

Маусымы: 20.06-28.06, 30.06-7.07, 9.07-15.07, 18.07-24.07, 29.07-4.08, 2.08-12.08, 15.08-25.08.

Бағыты: Сауықтыру бағдарламасы белсенді денешынықтыру және туризм сабақтарына құрылады. Бала барынша көп уақытты таза ауада өткізеді: таулы орман алқабында, өзен жанында, спорт алаңдарында.

Байланыс телефондары: 8-705-135-80-09, 8-777-614-50-63.

Осы айдарда

Back to top button