Қоғам

Еркетай

         Таныстыру

Есімім менің Әділжан,

Өскенде болам әділ жан.

Баласымын Дәулеттің,

Немересімін үлкен әулеттің.

 

Қазағым саған сенемін,

Өзіңді мақтан етемін.

Тәуелсіз ел, жерімде,

Бақытты өмір сүремін.

Әділжан Дәулетұлы,

Абай көпсалалы мектеп-гимназиясының 6 «А» сынып оқушысы

Жарма ауданы

Әкеме

Әкем менің ардақты,

Мінезің қандай салмақты.

Тірегімсің, панамсың,

Ұшқыр ойлы, қайратты.

 

Айару Жұмахан

№32 орта мектебінің 0 «А» сынып оқушысы

Семей.

Анама

Ана деген құрметті,

Ақылды да келбетті.

Жақсылықты үйреткен,

Жамандықтан жиренткен.

Құттықтаймын мен сізді,

Қуанышты күнменен.

 

Айзере Нұрланқызы

№32 орта мектебінің 0 «А» сынып оқушысы

Семей.

      Асқар тауым – Әкешім

 Әкешім, мен өзіңді жақсы көрем,

Мәпелеп өсірдің ғой анашыммен.

Әрқашан  қолдап, қорғап жүресің ғой,

Шын жүректен құттықтаймын мерекеңмен!

 

Асқар таудай биіксің алдымдағы,

Бар байлығым, қазынам жанымдағы.

Мақтанамын мен сізбен әрқашанда,

Жақсы көрем өзіңді жан әкешім!

 

Мүслимә Базарбек,

№32 жалпы орта мектебінің 1 «А» сынып оқушысы

Семей.

Осы айдарда

Back to top button