Қоғам

Жазғы демалысымды қалай өткіземін?

Жаз  –  керемет мезгілдердің бірі. Күн жылынып, жер беті құлпырады. Бұл кезде оқу жылы аяқталып, көптен күткен жазғы демалысымыз басталады. Мен жазғы демалысымда ең алдымен алыста тұратын ата-әжемнің үйіне барамын. Ол жақта қыдырамын, атам маған балық аулауды үйретеді, суға түсеміз. Әжеме көмектесіп, су тасимын. Ауылда өте көңілді, жақсы демалыс болады.

Демалыс кезінде мен еліміздің ең әдемі қалаларына да барамын. Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Көкшетауға барамын. Ол жақтың орман-тауы, өзен-көлі ерекше сұлу. Оқжетпес пен Жұмбақтас  бар.

Жазғы демалыста мектептегі сыныптастарымды сағынып, көруге асық боламын. Жаздың шуақты күндерін көңілді өткізе білейік. Жаз қандай тамаша!

Елтөре Асылхан, №32 орта мектебінің 1 «А» сынып оқушысы

Семей.

Осы айдарда

Back to top button