Қоғам

200-ден астам сарбаз ант берді

Өскемен гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың ант беру рәсімі өтті. Бұл күні Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде гарнизон жеке құрамының қатары еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас сарбаздармен толықты. Әскер қатарына жаңадан қабылданған жігіттер бір айлық жас жауынгер курсынан өтіп, бөлімшенің тарихымен және дәстүрлерімен, сондай-ақ қару-жарақ және техника түрлерімен жақынырақ танысты.

Салтанатты іс-шараға қатысқан Ауған соғысының ардагері Қайрат Мусин жас сарбаздарды әскери өмірдің басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Ант беру рәсімінен кейін мерзімді қызметтегі сарбаздар жиналғандар назарына қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің элементтері бар қойылымды ұсынды.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button