Қоғам

1944 жылы шығарылған машинасы парадқа қатысады

1944 жылы шығарылған машинасы парадқа қатысады

«Семей инжиниринг» кәсіпорнында 1944 жылы жасалған әйгілі Т-34 танкісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Семей қалалық әкімдігінің ақпарат орталығы хабарлайды.
Бірнеше ай бұрын жеткізілген танкті бес адамнан тұратын жас мамандар бригадасы жөндеуде. Олар қозғалтқыш пен беріліс қорабын қалпына келтіріп, ең күрделі жұмыстарды орындап қойыпты.
– Бұл танк Астанада өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады деп жоспарлануда. Жұмыс барысында қосалқы бөлшектер жағынан біраз қиындық көрдік. Сондықтан кейбір бөлшектерді өз қолымызбен жасауға тура келді, – дейді кәсіпорынның басқарушы директоры Николай Поспелов.
Оның айтуынша, соғыс машинасын қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button