Қоғам

18 көпбалалы отбасы баспаналы болды

18 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Жұмыс сапарымен Алтай қаласына барған облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларға жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйден пәтер кілттерін табыс етті.

Алтай қаласында 18 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Қаланың №10-шы шағын ауданындағы Рудная көшесінде жаңадан бой көтерген 60 пәтерлік тұрғын үйдің бір подъезіне қоныстанған отбасылардың қуанышында шек жоқ.

–Бүгін өте қуанышты күн. Елбасының қолдауымен біз көпбалалы отбасыларға көмек көрсетудеміз. Өйткені олар – болашағымыз. Сіздерге пәтер кілттерін табыстау мен үшін үлкен қуаныш. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын, – деді Даниал Ахметов пәтер кілттерін табыстау кезінде.

Бір подъезден екі және үш бөлмелі пәтер кілттерін алған көпбалалы аналар да алғыстарын білдірді.

– Мен бұл күнді 15 жыл күттім. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрып келдік. Балаларымның алды 15 жаста болса, кенжесі екі жаста ғана. Бүгін арманымыз орындалып, бірден үш бөлмелі пәтерге ие болдық. Балаларымның қуанышында шек жоқ. Облыс басшылығына айтар алғысымыз шексіз, – деді көпбалалы Өрік Шаймарданова.

– 10 жыл пәтер кезегінде тұрдық. Төрт балам бар. Бүгін көптен күткен үмітім ақталып, екі бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Барлықтарыңызға рахмет! – деді Оксана Зимина.

Алтай қаласында жаңадан салынған 60 пәтерлік тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған болатын. Қазіргі уақытта аталған үйдің инфрақұрылым жүйелерін тарту және маңайын абаттандыру жұмыстары аяқталуда.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button