Қоғам

Ауыз сумен қамтуға ағымдағы жылы 54 млрд теңге жоспарлануда

ШҚО-да өткен жылы отыз жеті сумен жабдықтау нысаны іске қосылып, 51 шағын ауылда суды тазарту және таратудың модульді станциялары орнатылған. Жадпы жылдың қортындысы бойынша ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 77,4%, ал ауыл тұрғындарының суға қол жетімділігі 81,4% құраған.

– Екі 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау объектілеріне бағытталған қаржыландыру көлемі 9 есе артты. Ағымдағы жылы құны 5  млрд. теңгеге 58 жоба, 30,8 млрд.теңгеге 37 нысанды іске қосу жоспарлануда. Бұдан басқа, тұрғындар саны аз 51 ауылда блокты-модульді станциялар орнатылады. 2021 жылдың соңында халықты сумен қамту 95,5% жетеді, оның ішінде ауыл халқы – 89,6%.-ды құрайды, – деді жылдың қортынды есебін берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ 2024 жылға дейін облыстың барлық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетіні айтылды.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button