Қоғам

160 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді

160 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді

160 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді

Соңғы екі айда Қазақстанда 160 миллиард теңгенің мүлкі мен қаражаты жария етілді. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
– Желтоқсан мен қаңтар айларында 160 миллиард теңге немесе науқанның өткен 15 айында жария етілгеннің үштен бір бөлігі заңдастырылды. Оның ішінде мүлікпен жария етілгені – 109 миллиард теңге. Сонымен қатар, осы кезеңде банктерде қосымша 41 шот ашылып, оларға 51 миллиард теңге аударылған, – деді Бақыт Сұлтанов.
Осылайша, жария етілген ақшаның өсу қарқыны 2015 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 61 пайызды құрады. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында барлығы 588 миллиард теңгенің активтері жария етіліпті. Бүгінде бұл сома 600 миллиард теңгеден асып отыр, оның ішінде мүлік бойынша 475 миллиард теңге (бір миллиард теңгесі – шет елдерде) заңдастырылған. Сонымен қатар, 150 миллиард теңге 233 банк шоттарын ашу арқылы жария етілді.

«Өз кәсібіңді сүй» акциясын қолдаушылар көп

Қазақстандық ғаламтор желісінде «Өз кәсібіңді сүй» акциясы қарқын алып келеді. Эстафетаға сан алуан кәсіп иелері қатысуда. Олардың ішінде журналистер, мұғалімдер, инженерлер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, тіпті, әртістер мен спортшылар да бар.
Аз ғана уақыт ішінде жоба аясында ғаламторға шығарылған 600-ден астам ролик ұзын саны 30 мың рет қаралған.
– Мен – мұғаліммін. Осы сөзді мақтанышпен айта аламын. Жүрегімнің қалауымен таңдаған мамандығым бойынша 30 жылдай қызмет етіп келемін. Аталмыш жобаға шын ықыласпен қатысып отырмын. Жастар арасынан мұғалім мамандығын өз қалауымен таңдағандар көп екеніне көзім жетті. Сол жастарға үлгі-өнеге болып, жол сілтегім келеді, – дейді республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы Гүлнар Рахимова.
Айта кетейік, аталмыш акцияның міндеті – барлық кәсіптің қоғам үшін маңызы бірдей екенін көрсету. Флешмобқа Қайрат Нұртас, Әли Оқапов сияқты қазақстандық эстрада әншілері мен басқа салалардың белгілі мамандары да қолдау көрсетуде.

Доллармен көрсетуге тыйым салынды


Ақпанның 2-сінен бастап kolesa.kz, krisha.kz және market.kz сияқты автокөлік пен жылжымайтын мүлікті электронды сауда арқылы сататын сайттар бағаны ұлттық валютамен көрсететін болды.

Осылайша, енді автокөліктерді немесе өзге де тауарларды сату кезінде сатушылар бағаны доллар, еуро немесе рубльмен емес, теңгемен белгілеуге міндетті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдың 2-ақпанынан бастап «Электрондық сауданы жүзеге асыру ережесі» күшіне енді.
Қоғамда бағаны ұлттық валютада белгілеу мәселесі соңғы екі жылда, яғни, 2014 жылдың ақпан айы мен 2015 жылдың тамыз айында болған девальвациядан кейін кеңінен талқылана бастаған. Кolesa.kz-тің ақпараты бойынша, 2015 жылдың соңғы бес айында бағасы теңгемен көрсетілген автокөліктер 20 пайызға көп сатылыпты.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button