Қоғам

153 мекеме ұсыныс білдірген

153 мекеме ұсыныс білдірген

153 мекеме ұсыныс білдірген

Астанада Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, сондай-ақ, «Парыз-2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында «Өндірістік негіздегі үздік мекеме», «Тұрғындарға арналған тауарлар шығаратын мекеме» және «Қызмет көрсетуші мекеме» аталымдары бойынша үздіктер анықталғанын айта кеткен жөн. Мұнымен қоса, «Алтын сапа» сыйлығының 10 жылдық мерейтойына байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қосымша аталымдар тағайындапты. Біраз кәсіпкер «Іскер» арнайы сыйлығымен де марапатталды.
Президент сыйлығына өндіріспен айналысушы және қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үміткер бола алады. Жалпы, бұл сыйлықты алуға ықылас танытатындар қатары жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2006 жылы «Алтын сапа» сыйлығын алуға 52 компания ниет білдірсе, биылғы байқауға 153 мекеме қатысыпты. Осы 153 ұсыныстың 69-ы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен екен.

10 миллиард доллардың келісімшарты жасалды


Ел Премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВТІҢ қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі үшінші отырысының қорытындысы бойынша құны 10 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрайтын екі жақты коммерциялық құжаттар пакетіне қол қойылды.

Олардың ішінде «Қазақтелеком» АҚ мен China Telecom Global Limited арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Sinopec» корпорациясы арасындағы өзара түсіністік меморандумы, «Kazakhstan Petrochemical Industries, Inc» ЖШС мен China National Chemical Engineering Co. Ltd арасында Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасы бойынша ЕРС-келісім сияқты құжаттар бар.
Отырысқа, сондай-ақ, екі елдің мемлекеттік органдары, ірі компаниялары және қаржы институттарының басшылары қатысты.

Отандық тауарлар орталығы ашылды

Елордада ішінде тек қана қазақстандық тауарлар сатылатын алғашқы «УниверMAG.kz» орталығы ашылды.
– Дүкеннің мақсаты қарапайым, біз жай ғана отандық тауарларды бір жерге топтастырғымыз келді. Бұл жерде Қазақстанның әр аймағынан келген 30-ға жуық жеңіл өнеркәсіп өндірушісінің тауарлары ұсынылған, – дейді Астана қаласы кәсіпкерлік пен өндіріс басқармасының басшысы Мәлика Бектұрова.
Отандық тауар өндірушілердің ішінде астаналық шұлық фабрикасы мен киіз комбинаты, қарағандылық аяқ киім фабрикасы, шымкенттік «Алтын Адам» іскерлік костюмдер тігу фабрикасы, атыраулық трикотаж өнімдер фабрикасы, семейлік жейделер тігу фабрикасы, алматылық бас киімдер фабрикасы және тағы басқалар бар.
Мәлика Бектұрованың айтуынша, жаңа дүкеннен кез келген киім түрін табуға болады. Сауда орталығының сөрелеріне іскерлік костюмдер, той көйлектері және аяқ киімдермен қатар, орамалдар мен төсек жаймалары сияқты үй тұрмысына қажетті өзге де тауарлар шығарылыпты. Ұсынылған өнімнің бағасы да көңілге қонымды.
Орталықтың ашылуына арнайы келіп қатысқан Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков саудаға көңілі толатынын жеткізіп, әмбебап дүкеннің алғашқы сатып алушысы атанғанын айту керек.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button