Қоғам

140 адам жолда қалды

Ақпанның аяғында ауа райы бұзылды. Боран соғып, қаншама көлік діттеген жеріне жете алмай жолда қалды.
Естеріңізде болса, төтенше жағдай қызметі аса қажет болмаса жолға шықпауға кеңес берген. Соған қарамастан жолға шығып кеткен 140-қа жуық адам қар құрсауында қалды, оның 11-і бала.
Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан қарлы бораннан жолдар жабылып, Семей-Қарауыл, Өскемен-Семей, Семей-Алматы және басқа да бірнеше бағытта көлік қозғалысы тоқтатылды.
– Өткен түні 137 адамды қар құрсауынан құтқардық. Жолда қалған 31 адам Бұлақ ауылындағы мектепке түнеп шықты. Оның төртеуі бала. Тағы 33 адам Семей қонақ үйінде қалды. Құтқарушылар тобы халықтың қауіпсіздігі үшін жолдарды бақылауға алды, – дейді облыстың төтенше жағдайлар қызметі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағында бірнеше бағытта жолдар жабылды. Әзірше сапарға шықпаған абзал.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button