Қоғам

14 жастағы ұлды Үлбі ағызып әкетті

14 жастағы ұлды Үлбі ағызып әкетті

Үлбі жағасында достарымен ойнап жүрген 14 жастағы ұл бала өзенге құлап, жағаға қайта шыға алмай қалды. Құтқарушылар суға кеткен адамды әлі іздеп жатыр.
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, қайғылы оқиға 6 маусым күні кешкі сағат 18:30-дар шамасында, Спорт сарайының маңында болған.
-14 жастағы ұл бала өз қатарластарымен су жағасында жүрген. Қазір оның неге суға құлағаны анықталып жатыр. Судың ағыны әзірге қатты, жасөспірімнің жағаға шығуға шамасы жетпей қалған, – дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.
Құтқарушылар тұрғындардан су жағалауларында балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды. Тау өзендері әлі толық тасып бітпегендіктен, ағыны қатты өзендерге шомылу немесе жақындау әзірге өте қауіпті.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button