ТОП

138 балл жинаған түлек ерекше мамандықты таңдады

Аудан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары 138 балл жиған Еркежан Бейсенова Аягөз қаласындағы № 5 мектептің түлегі.

– Мен осы өзімнің алтын ұям-№5 орта мектепте бірінші сыныптан оқимын. Ең жоғары балл алуым ең алдымен осындағы ұстаздарымның еңбегі деп білемін. Кез келген ұстаз шәкірт тәрбиелеуде айтарлықтай жетістікке жетіп жатса, онда бұл олардың адал да жанкешті еңбегінің жемісі деп білемін. Жалпы, маған өз мектебімдегі мұғалімдерімнің сабақ
берудегі әдістемелері мен ұстанымдары ұнайды. Ал ата-анам жайлы айтар болсам, әкем әскери бөлімде қызметкер, анам аудандық ауруханада медбике болып қызмет етеді. Өмірлік ұстанымым – Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген сөзі. Сондықтан да осы пікірдің
үдесінен шығуға талпындым. Мектеп директоры Айнұр Әулиесқызы басқарып отырған өзіміздің ұстаздарыма алғысым шексіз! Ендігі арманым – дәрігер болу! Алла қаласа, Семей медициналық университетінің студенті атану, – дейді Еркежан Бейсенова.
Жалпы, биыл аудан бойынша ҰБТ-ға 597 оқушы қатысты. Нәтиже жаман емес. 100-119 балл жиған түлек саны – 81. 120-129 балға ие болғандар – 34. Солардан оза шапқан «Алтын белгі» иегері Еркежан Бейсенова болды.

Берікхан Тайжігіт

Осы айдарда

Back to top button