ТОП

«1000 теңгеге күйеуге алып кетші». Біртүрлі тренд

Әдетте индрайверді көпшілігіміз діттеген жерге жету үшін қолданамыз. Бағасы да тиімді, қызмет көрсету сапасы да жаман емес. Алайда кейінгі кезде оң жақта отырып қалған қыздардың индрайвер арқылы тұрмысқа шығып алуды көздеген әрекеттері жиілеп кетті. Қыздардың әзілі ме, әлде шыны ма кім білсін, әйтеуір 1000-2000 теңге ұсынып, «Күйеуге алып кетші» деген жазбаға таксистер де қарсы емес сияқты. Ендеше роликке назар салыңыз.

 

Әлеуметтік желіде кең тарап жатқан трендке қатысты желі қолданушылары «Бұл сендерге танысатын сайт емес», «2000 теңгеден қымбат ешкім сұрамайды екен», «Көлігі нашарларды таңдамайтын шығар» деген түрлі-түрлі пікір жазуда.

– Бос уақытымда индрайвер арқылы жолушы тасымалдаймын. Сіз айтып отырған трендті көрдім. Бір емес бірнеше рет. Бірақ ұсынысты қабыл алмадым. Себебі жай ғана қалжың деп түсіндім. Өткенде достарым айтқан бағаға келісіпті, бірақ қыздар қабылдамаған, – дейді Саят Оразханов.

Ал сіз бұл трендке қалай қарайсыз?

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button