Қоғам

100 ДАРЫННЫҢ БІРІ – ТОҚЖАН

Күршім ауылының 2-сынып оқушысы Тоқжан Құлатаева эссе жазып, «ҚР 100 үздік дарынды оқушысы» атты республикалық кітап-жинаққа енді.
Жуықта Тоқжанның «Менің ардақты ұстазым» атты шығармасы енгізілген «ҚР 100 үздік дарынды оқушысы» кітап-жинағы және 100 жаңа есім төсбелгісі өзіне табысталды. Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары тарапынан мектеп оқушысының ата-анасына, жетекшісі Нұргүл Рахмановаға да Алғыс хат жіберіліп, шәкірттерін шыңдай білген ұстазға ризашылық білдірілген.
–Балаларымның осындай елде, осындай мектепте алаңсыз білім алып, тәрбиеленіп жатқанына қуаныштымын, әрі мақтан етемін! – дейді Тоқжанның анасы Айгерім.
Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button