10 отбасы қоныстойын тойлады

Ел Тәуелсізідігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Марқакөл ауылында салтанатты жағдайда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған әлеуметтік маңызы зор қос пәтерлі бес үй қолданысқа берілді.
Бой көтерген жаңа үйлердің кілтін көпбалалы отбасыларға аудан әкімі Дулат Қажановтың өзі табыстады.
Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, әр үйдің аумағы 108 шаршы метрді құрайды екен. Заман талабына сай салынған үйлер ыстық және суық су, сондай-ақ, кәріз жүйесімен жабдықталған.
Салтанатты іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Туған жерге – мың тағзым, тұлғалы жанға – бір тағзым» атты мерекелік концертке ұласты.
Аудан басшылығы мәлім еткендей, Күршімде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы іргелі істер мен игілікті бастамалар алдағы жылдарда да жалғасын таба бермек.
Сәрсен Қабылым