ТОП

10 миллион шабақ өсіреді

Азамат Темірбеков

Күршімдік балықшылар Бұқтырма суқоймасына балық шабақтарын жіберді. 

Күршім ауданындағы «Төретоғам», «Дигам», «Өркен», «Камышинское» сынды табиғат пайдаланушы кәсіпорындар Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығынан сазан-карп, мөңке-сазан, ақамур балықтарының бір жылдық, екі жылдық шабақтарын сатып алып, Бұқтырма суқоймасына жіберді.

Бұл «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдері мен Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығының бірлесе отырып, суқоймаларды балықтандыру ісіне бақылау жүргізу жұмыстары аясында қолға алынған жұмыс болды.

Қоса кетсек, бүгінде 14 маман қызмет ететін Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығы заманауи технологиямен балық өсіретін 12 ваннада 10 миллионнан астам балық шабағын асырап отыр. Алдағы уақытта, аталмыш кәсіпорын жасанды жолмен отырғызылатын балық тұқымын 100 миллион данаға жеткізбек ойда.

Осы айдарда

Back to top button