Қоғам

1 шілдеден бастап жәрдемақы артады

Бүгін Өскеменде Әлеуметтік Кодексті талқылау бойынша конференция өтті. Аталған Кодекс биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңа Кодекс отбасының цифрлық картасын, балалы отбасыларға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігн арттыру, зейнетақы өзгерістері мен тұрғындарды жұмыспен қамтудағы өзгерістерге бағытталған. Осыған орай 7 және одан да көп бала тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұл өзгеріс облыс бойынша наградталған 1363 ананы қамтиды.
Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button