ЖаңалықтарТОП

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары мемкорпорацияға өтеді

Бұл жаңашылдық АХАТ бөлімдерінің қызмет көрсету сапасын жақсартуды және халыққа қолайлы жағдай жасауды көздейді.

1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға өтеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ бэк-офисінде жүзеге асырылады.

– АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететінін атап өткім келеді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, оның ішінде ХҚКО операторлары АХАТ ақпараттық жүйесіндегі деректерге қол жеткізе алмайды, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов.

АХАТ бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз. Тек ақылы қызметтердің қосымша құнына салық қосылады, өйткені Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып табылады. Тууды, өлімді тіркеу және басқада мемлекеттік қызметтер үшін төлем ақы алынбайды.

Айта кетейік, азаматтардың кейбір санаттары азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет ақысынан босатылды. Бұл санатқа барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедекті бар азаматтың ата-аналары кіреді.

Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Азаматтар жеке құжаттарын некені тіркеуді белгіленген күні алып бару қажет. Өтінім берген кезде азаматтар салтанатты жағдайда немесе әдеттегі түрде некесін қиюды таңдай алады.

Осы айдарда

Back to top button